Киев Израильге қолдау білдірді: 350 жарнама таблосында Израиль туы бейнеленді

8 қазан күні кешкісін Киевте 350-ден астам цифрлық жарнама таблосында Израиль туы көрсетілді. Бұл бастама жергілікті билік пен украиндықтардың ХАМАС қозғалысы содырларының шабуылына байланысты елге қолдау білдіруге бағытталған.

Израиль туы «Ocean Plaza» сауда- орталығындағы экрандардын қоса алғанда, қала көшелеріндегі жарнамалық экрандарда көрсетілді.

Киев қаласының мэрі Виталий Кличко бастаманың маңыздылығын атап өтіп, бүгінде өз елі үшін шайқасып жатқан және агрессияға ұшыраған Израиль халқымен қолдауының көрінісі екенін атап өтті. Іс-шара Израиль елордасы мен ел тұрғындарын қолдаудың жарқын символына айналды.

Добавить комментарий