«Кибер-шериф» қазақстандықтарды 24/7 бақылайды

Қазақстанда «Кибер-шериф» жаңа жүйесі азаматтарды онлайн режимде тәулік бойы бақылайды.

Жаңа құрылғы Маңғыстау облысының полицейлеріне берілді.

«Жаңа құрылғылардың мүмкіндіктері жоғары: үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтыққа дейін тіркей алады. Қазіргі уақытта бұл құрылғы өңірде қалыпты деңгейде жұмыс істейді, олар жол жүру ережелерін бұзатын жүргізушілерді мемлекеттік тіркеу белгілерін тани отырып, инспекторды одан әрі хабардар етеді, іздестіру базалары бойынша объектілерді автоматты түрде тексереді, оларды тіркейді және бейнеге жазады», — деді тәртіп сақшылары.

«Кибер-шериф» жаяу жүргіншілерді де бірден таниды. Жаяу жүргіншілердің тұлғаларын сот пен тергеу органдарынан жасырынып жүрген адамдар базасымен тексереді.

Добавить комментарий