2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін мәжіліс сайлауының алдында Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтті.
«Ауыл» партиясының басшысы Әли Бектаев олардың негізгі мақсаты — парламентке өту, себебі билікте ауыл мәселесін көтеретін саяси күш болуы тиіс екенін атап өтті.
«Біз бұл бағытта ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Біздің мақтанарлық жетістігіміз бар. Мысалы, біз Қазақстандағы партиялықтардың географиялық аумағы мен саны бойынша көшбасшылардың үштігіне кіреміз. Бүгінде бізде шамамен 300 мың мүше бар», — деді ол.
Оның айтуынша, ауылдағы өмір сүру деңгейі төмен, сондықтан сайлауалды бағдарламаға ауылдық инфрақұрылымды дамыту жобасы енді. Әли Бектаев ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы тиімсіз пайдаланылады деп есептейді.
«Біздің сайлауалды бағдарламамызда біз ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 2% жылдық төлеммен ұзақ мерзімді несие беру жүйесін құруды ұсынамыз. Біз осындай қолдаумен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға болады деп есептейміз», — деп атап өтті ол.
Сайлауалды бағдарламаға сондай-ақ балалар капиталын құру жөніндегі бастама енгізілді. Партиялықтар 18 жасқа дейінгі барлық балаларға ай сайынғы әлеуметтік төлемдерді енгізуді ұсынады.
Съезде партиялықтар сайлауалды бағдарламаны бекітті. Үгіт-насихат науқанының басында партияның сайтына толық мәтін жарияланады.
Сондай-ақ, съезде мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Оған 19 адам кірді:
- Қайрат Айтуғанов, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы.
- Қарлығаш Оралбекова, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.
- Николай Арсютин, «Номад» шаруа қожалығының төрағасы.
- Зейн Әліпбеков, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі.
- Нұржігіт Бегалы, «Злиха» шаруа қожалығының төрағасы.
- Талғат Зейнуллин, «Астана ӘКК» АҚ басқарма төрағасы.
- Дәулеткерей Қапұлы, «Самұрық» журналының бас редакторы, күйші-композитор, ақын.
- Айгерім Көкеева, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тәрбие жұмысы департаментінің директоры.
- Дәурен Қуат, журналист, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.
- Дәуренбек Қыстауов, «Инновациялық технологиялар академиясы» ЖШС бас директоры.
- Кенжеғали Машырықов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.
- Алмас Мұхаметов, №SBCID» ЖШС кеңесшісі.
- Төлеутай Рыхымбеков, «Ауыл» партиясының бірінші орынбасары.
- Айдар Саттаров, «Media holding «Atameken business» ЖШС бас бухгалтері.
- Әзімхан Сатыбалдин, ҚР БҒМ КН Экономика институтының директоры.
- Қанат Тасыбеков, «Ситуативті қазақ» өзіндік ұстазының авторы.
- Рәбиға Тоқсейітова, «Aitas-KZ» холдингі «АҚ вице-президенті.
- Бахаргүл Төлеген, «Адеми-Ай PIus» құрылтайшысы.
- Валентин Хаданұлы, «Азимут» ЖШС басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің депутаттарын сайлауды 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындады.
Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының сайлауалды съезі болып, онда олар «коммунистік» деген сөзді атаудан алып тастауды ұйғарған болатын.