Кенесары ханның сүйегі Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Осы жылдың 30 маусымында Мәскеуде Президент Владимир Путин мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында қазақстандық тарихшылардың пікірінше, Ресей аумағындағы Кенесары ханның сүйегі туралы да сөз қозғалды.

«Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей Президентінен бұл жұмысқа көмек көрсетуді сұрады. Елбасы қазақ халқы үшін соңғы хан сүйектерінің туған жеріне көміліп, оның жаны тынышталғаны өте маңызды екенін ерекше атап өтті. Владимир Владимирович Путин Қазақстанның тұңғыш президентіне ресейлік тарап жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады. Путиннің айтуынша, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады», — деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы.

Кенесары хан — қазақтың соңғы ханы. Қазіргі Қазақстанда ол мемлекеттік деңгейде Ресейдің отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтерліліс жасаған көсем деп құрметтеледі.

1847 жылы Кенесары қазіргі Қырғызстан аумағына 15 мың әскермен басып кірді. Оның басын қырғыз манабы Ормон балауыз мөрімен жазылған хатпенен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Горчаковқа сыйлап,қырғыздардың Ресей империясына деген адалдығын көрсеткісі келді.

Қазақстандықтар Кенесарының басы әлі күнге дейін Санкт-Петербургтегі Кунсткамерде немесе Эрмитажда сақталып тұр деген пікірде. Қазақстанның Бас консулдығы 2004 жылы Кунсткамераға ресми сауал жолдады, бірақ олар мұражайда мұндай экспонат жоқ деп жауап берді.

Добавить комментарий