Келісімді ратификациялау: Кеңестік құпия өнертабыстар

Сенат 1999 жылы Минскіде ТМД үкіметтерінің басшылары қол қойған Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласындағы құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы шешім қабылдады.

Келісімнің қолданысы кеңестік өнертабыстарға қатысты құпиялылық режимін қамтамасыз етуге, құпиясыздандыру тәртібін айқындауға және құқықтық қорғауды белгілеуге бағытталды. Келісімнің қолданылу мерзімінің барлық кезеңінде кеңес уақытында аяқталған қорғау құжаттарын беру туралы өтініш жолданбаған.

КСРО кезiнде әзiрленген құпия өнертабыстар қызметтiк өнертабыстар ретiнде қарастырылып, мемлекет құқығына берiлген. Бұл өнертабыстарды қорғау мерзімі аяқталды, бұл хаттаманы ратификациялау туралы шешім қабылдауға негізгі себеп болды.

2020 жылғы желтоқсанда қол қойылған хаттаманы Армения мен Молдова әлі ратификациялаған жоқ. Қазақстанда президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді және 2023 жылдың желтоқсанында Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратпен алмасу және қорғау туралы келісім күшіне енеді.

Добавить комментарий