Келіншек Іле аудандық полиция бөлімінде. Ол ойында жүрмін деп ойлаған: анасы ұлына 16 жерінен пышақ жарақатын салды

Ақмола облысының тұрғыны ұлының 16 жеріне пышақ сұққан. Әйел ойында жүрмін деп ойлады, онда кейіпкерлер оны өлтірмек болған, ал ұлы оған ойынға қатысушылардың бірі болып көрінгенінайтты.

Оқиғаның мән-жайы: әйел ұлын 16 рет пышақтады

3 қарашада Өтеген батыр ауылында (Алматы облысы Іле ауданы) анасы баласына пышақ жарақатын салды.

Instagram-да жантүршігерлік жайт туралы жазған жарияланымның авторының хабарлауынша, соңғы күндері әйел біртүрлі мінез байқатқан. Ол үйде жасырынған. Ол өзін Tik-Tok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтқан. Келіншек ұлын ойынға қатысушылардың бірі деп ойлап, оны пышақтаған.

Әйел ұлының денесіне 16 рет пышақ сұққан. Оны атасы құтқарып қалған. Ол бірден жедел жәрдем шақырды. Үйде оның жеті жасар немересі болған екен.келіншек оған шабуыл жасамапты.

Балақай Алматы өңірлік балалар ауруханасына жеткізілді. Оған ота жасалды. Операция сәтті өтті, қазіргі таңда баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Полиция аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Добавить комментарий