KEGOC акционерлері бірінші жартыжылдықтағы дивидендтерін алды

KEGOC компаниясының акционерлері 2021 жылдың алғашқы алты айдың ішінде өздеріне тиесілі бағалы қағаздар бойынша дивидендтерін алды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес «KEGOC» АҚ 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызмет қорытындылары бойынша дивидендтер төледі», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Дивидендтер төлеуге 22 027 082 239,2 теңге немесе бір жай акцияға 84,72 теңге жіберілді.

2021 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 8 қарашадағы жай-күй бойынша тіркелді.

Добавить комментарий