Катар украиналық босқындарға көмек көрсету үшін $5 млн береді

Катар украиналық босқындарға көмек көрсету үшін $5 млн беретінін мәлімдеді.

Олар сондай-ақ «Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға және көмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге» шақырды

Бұл туралы СІМ басшысының көмекшісі Лолва бинт Рашид әл-Хатер жексенбі күні жариялаған мәлімдемесінде хабарлады.

«Катар мемлекеті Катар даму қоры арқылы украиналық босқындарды қолдау үшін гуманитарлық көмек ретінде $5 млн бөлетінін жариялап, шиеленісті жағдайда миллиондаған босқындардың өткеріп жатқан күрделі гуманитарлық жағдайда олардың өмірлік қажеттіліктеріне ден қою үшін төтенше жоспарларды әзірлеу мақсатында халықаралық қоғамдастық бірлесуі керек», — делінген мәлімдемеде.

Катар, әл-Хатердің айтуынша, «Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға және көмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге», сондай-ақ қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырады.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының мәліметінше, 24 ақпан мен 9 сәуір аралығында Украинадан көрші елдерге 4,5 млн адам бас сауғалап қашқан. ТАСС агенттігі 7 сәуірде хабарлағандай, РФ-ға ДХР, ЛХР және Украина аумағынан келген азаматтардың жалпы саны 650 мыңнан асты.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда Донбасс республикасы басшыларының өтінішіне жауап ретінде арнайы операция жүргізілетінін жариялады. Ол Мәскеудің жоспарына Украина аумағын оккупациялау кірмейтінін, оның мақсаты елді демилитаризациялау және денацификациялау екенін атап өтті.

Добавить комментарий