Катар: Тәліптер Ұлыбританиядан келген делегациямен кездесті

Ауғанстандағы билікті басып алған Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының өкілдері бүгін, 2021 жылы 29 қарашада Катарда Ұлыбританиядан келген делегация мүшелерімен кездесті.

Кездесуде Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы талқыланды, деп атап өтті тәліптер тағайындаған Ауғанстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи.

Катарда Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» (РФ-да тыйым салынған) радикалды қозғалысының өкілдері Дохада жұмыс істейтін Біріккен Корольдіктің Кабулдағы уақытша сенімді өкілі Мартин Лонгден бастап келген Ұлыбритания делегациясымен кездесті. Бұл туралы жексенбі күні тәліптер тағайындаған Ауғанстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Кездесуде Ауғанстанда қалыптасқан жағдай, сондай-ақ гуманитарлық және экономикалық салалардағы жағдай талқыланды. «Ауғанстан Ислам Әмірлігінің» делегациясы (радикалдар пайдаланатын мемлекет атауы) Ұлыбритания өкілдерін қазір [ауған жері] қауіпсіз екенін сеніндірді, ал ауған тарапы медицина саласында ашық әрі шұғыл көмек көрсетуге шақырып, әлем елдерімен қарым-қатынас орнатуға ұмтылуда», — деді тәліптердің өкілі.

Ауғанстан делегациясын «Талибан» тағайындаған Ауғанстанның уақытша үкіметіндегі СІМ басшысы Әмір Хан Моттаки бастап келді. Кездесу аяқталғаннан кейін тараптар осы форматта диалогты жалғастыруға келісті.

Бұған дейін тәліптер Дохада Еуроодақтың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томас Никлассонмен және делегация өкілдерімен екі күндік келіссөздер жүргізіп, Катар премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдель Рахман Әл Танимен кездескен болатын.

Дүйсенбі күні Дохада АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Томас Уэстпен радикалдардың кеңесі өтедң жоспарлануда.

Добавить комментарий