Катар әмірі Украинадағы қақтығысты бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы шешуге шақырды.
Катар әмірі бен Хамад Әл Тани Украинадағы қақтығысты бейбіт келіссөздер арқылы шешуге шақырды.
Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесу барысында Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен, келіссөздер арқылы шешуге шақырды. Бұл туралы дүйсенбі күні әмірдің кеңсесі хабарлады.
«Телефон арқылы сөйлесу барысында Украинадағы соңғы жағдай, әсіресе Ресеймен қарым-қатынастағы дағдарыс және оны диалогтың көмегімен және дипломатиялық жолмен тоқтату қажеттігі туралы сөз болды», — деп атап өтті әмір кеңсесі.
«Әмір қос тарапты ұстамдылыққа, шиеленісті тудыратын қадамдарға бармауға, қақтығыстарды диалог пен дипломатия арқылы шешуге, халықаралық қақтығыстарды шешуде бейбіт әдістерге жүгінуге шақырды», — делінген оның кеңсесі жариялаған мәлімдемеде.
Сондай-ақ, Катар әмірі Украинаның халықаралық танылған шекаралардағы аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтты.