Салалық ведомствода еңбек нарығы бойынша деректер талданды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов егер Қазақстанға қатаң карантин қайтарылған жағдайда еңбек нарығы қалай өзгеретінін түсіндірді.
Үкімет елдегі тұрақты эпидемиялық жағдайды сақтап қалу және жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауда. Денсаулық сақтау министрі өткен жолы сіздердің назарларыңызға дамудың үш ықтимал сценарийін, сондай-ақ локдаунды жариялауды ұсынды. Бірақ біз қандай сценарий орын алатынын білмейміз. Барлық азаматтар карантинді сақтайды деп үміттенеміз. Егер жағдай нашарласа, онда үкімет экономиканы, бизнесті және халықты қолдау бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бірақ нақты төлемдер мен сомалар туралы айтуға ерте, — деп түсіндірді Нұрымбетов.
Алайда, оның айтуынша, министрлікте аталған мәселе бойынша болжам жүргізіліп, жағдайды бағалаған. Мысалы, еңбек ресурстарын дамыту орталығы ең нашар нұсқа бойынша бағалау жүргізді.
Бүгінгі жағдайды еңбек нарығына қойып, егер жалпы санмен айтатын болсақ, егер нашарлау болса, онда 4,5 млн адам өз жұмыс орындарын сақтап қалады. Бұл бірінші кезекте құрылыс, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау, — деді министр.
Оның айтуынша, шамамен 2,5 миллион адам қашықтықтан жұмыс істеуге ауысады. Бұл жоғары білікті мамандарға қатысты. Ал жұмыс уақытының қысқаруынан 2 миллионға жуық адам зардап шегеді.
Олар ақылы немесе ақысыз еңбек демалысына шығауы мүмкін. Бұған қоса, егер бұрыңғыдай қатаң карантин қайтадан болоса, тағы160 мың адам жұмыстан шығарылып, жұмыссыз қалуы мүмкін, — деп хабарлады Еңбек министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар, ол еңбек нарығын талдаудан кейін, жұмыс уақытының қысқаруына көбірек әсер еткендіктен, көктемгі локдаунның жұмыссыздық деңгейіне әсер етпегендігі белгілі болды деп қосты.
Бүгінде ресми статистика бойынша жұмыссыздық деңгейі 5% болды. Бұл — 454 мың адам. Бірақ тағы басқа сан бар, атап айтқанда жұмыспен қамтудан тыс адамдар бойынша. Олар жұмыстан босатылмаған, бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ — 536 мың Яғни, миллионға жуық адам белсенді жұмыспен қамтылудан тыс. Бұл біздің еңбек ресурстары орталығымыз жасап отырған бағалауға сәйкес келеді. Егер сәуір-мамыр айларында болған қатаң карантин қайталанса, онда еңбек нарығында осындай зардаптар болады. Қазір белсенді жұмыспен қамтылудан тыс жүрген азаматтардың ішінен жұмыссыздар пулына өтуі мүмкін, онда болжам 5-6% құрайды, — деп түйіндеді өз сөзін Нұрымбетов.