Карантин кезінде өткізілетін іс-шаралар немен аяқталады

Павлодар полицейлері карантиндік ережелердің бұзылуын анықтау бойынша іс-шаралар барысында отбасылық мерекелерді тойлап жатқан бірнеше тәртіп бұзушыны анықтады

Карантиндік шектеулерге қарамастан үйлену тойы, бірінші сынып оқушысын мектепке шығарып салу және тағы да екі «тамаша» іс-шараларды полицейлер анықтап, тоқтатты.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, 31 тамызда санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша тексерістерді жүзеге асыратын мониторинг топтарының қызметкерлері барлық тәртіп бұзушылықтарды анықтады.

Оқу жылы басталды, көптеген балалар бірінші сыныпқа барды, осы күндері «Тіл ашар» мерекесі өзекті болуда. Дәстүр құрметтеуді ұмытпаған азаматтар жаппай шараларға тыйым салынғанын ұмытып, «Арнау» мейрамханасында 50 адам жиналған өздері мен қонақтарына қауіп төндірді. Сондай-ақ, бұл күні мерекелерді өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қарым-қатынастарын заңдастыруға шешім қабылдаған жастар осы қуанышын тағы 70 адаммен бөлісіп, оларды «Конфетти» мейрамханасына шақырды. «Старый замок» және «Южный» кафелерінде заң бұзылғандығын біле тұра іс-шаралар өткізді, — деп хабарлады облыстық БПД баспасөз қызметі.

Ведомствода барлық заң бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілгенін толықтырды.

Кәсіпкерлер карантиндік режим кезіндегі тыйым салуларды біле тұра, өз қызметін жалғастыруда. Залдарда көптеген адамдарды жинай отырып, олар барлық қатысушыларға қауіп төндіреді, — деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Полицейлер облыс тұрғындары мен мекеме иелеріне карантин режимінің талаптарына ерекше жауапкершілікпен қарауға және Заңды бұзбауға сұрайды.

 

Добавить комментарий