2022 жылдың қазан айында Канадалық делегация Тайваньға сапармен барады деп жоспарлануда, оның құрамында елдің заң шығарушы билік өкілдері кіреді.
Бұл туралы Канаданың Либералдық партиясының мүшесі Джуди Сгро хабарлады.
«Сауда мәселелері жөніндегі комитет Тайваньға барып, қос ел арасындағы сауда қатынастарын тереңдету үшін қандай мүмкіндіктер барын қарастырмақ», — деді ол.
2 тамызда АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға сапармен келген.