Канада СІМ Иранды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр

Канада үкіметі Иранды Араб теңізіндегі жапондық Mercer Street танкеріне шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікке тарту керек деп мәлімдеді.

Бұл туралы СІМ дүйсенбі күні өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жариялады.

«Канада, халықаралық барлау қызметінің пікірінше, Иранның Mercer танкеріне жасаған шабуылын айыптайды», — делінген хабарламада. «Канада Иранды жауапкершілікке тартпақ болып отырған халықаралық қоғамдастықты қолдайды», — деп атап өтті канадалық СІМ.

Бейсенбі күні Араб теңізінде жапондық Mercer Street танкеріне шабуылға жасалды. Zodiac Maritime кемесінің оператор-компаниясы израильдік кәсіпкер Эяль Оферге тиесілі. Оқиға салдарынан екі экипаж мүшесі — Румыния азаматы мен кемені күзетуге жауапты Ұлыбритания азаматы қаза тапты.

Израиль мен Британия СІМ, сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Mercer Street танкеріне шабуыл жасағаны үшін Иран жауапты деп мәлімдеді. Тегеран бұл негізсіз және саяси тұрғыдан тағылған айып деп отыр.

Добавить комментарий