Канада: Үкіметті «Вагнерді» террористік ұйым деп тануға шақырды

Канада билігі ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясын террористік ұйым деп тануы мүмкін.

Канада парламенттің төменгі палатасы жеке әскери компанияны террористік ұйым деп ресми түрде тану туралы ұсыныс жіберу үшін дауыс берді.

Қаулыдан: «Ресей қолдап отырған «Вагнер» тобы адам құқықтары бұзып, Украинадағы, сондай-ақ әлемнің басқа да бөліктеріндегі бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдар туралы ақпаратты ескере отырып, Қауымдар палатасы үкіметті Вагнер тобын дереу террористік ұйым деп тануға шақырады».

Бұл туралы мәжіліс залында Жаңа Демократиялық партияның депутаты Хизер Макферсон мәлімдеді.

Анықтама үшін! Канадада террористік ұйымдар тізбесіне белгілі бір ұйымдар енгізу туралы шешім үкіметтің өкілеттігінде, сондықтан бұл қаулы орындауға міндетті емес, ұсынымдық сипатқа ие.

Еске сала кетейік! Өткен аптада Мемлекеттік департамент пен АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік «Вагнер» компаниясын трансұлттық қылмыстық ұйым деп жариялады, бұл қосымша санкциялар енгізуді көздейді.

Добавить комментарий