Мәскеудің Екінші Батыс округтік әскери соты «Калхозное безумие» Telegram-арнасының авторы Феликс Елисеевтің ісі бойынша шешім шығарып, оған 100 мың рубль айыппұл салып, 14 жылға бас бостандығынан айырыды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияға өтейді. Ол 2023 жылғы 19 желтоқсандағы сот шешіміне сәйкес, терроризмді ақтағаны және мемлекетке сатқындық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды «Саяси тұтқындарды қолдау. Мемориал» жобасы.
Феликс Елисеев 2022 жылдың желтоқсан айында терроризмді ақтады деген айып бойынша ұсталып, қамауға алынған. Оның ұсталуына Telegram-дағы жазбалары, оның ішінде Белгородтағы мұнай базасына жасалған шабуылды ақтаған 2022 жылғы 31 наурыздағы жазбасы себеп болды.
2023 жылғы сәуірде оған қатысты УҚК-ны қаржыландырды деген айып тағылып, мемлекеттік сатқындық туралы қылмыстық іс қозғалды. ФҚҚ Липецк басқармасы жариялаған видеода Елисеевтің қаражат аударғанын мойындағаны көрінеді. Құқық қорғаушылар күш құрылымдарының деңгейі төмендеп, мемлекеттік сатқындық жағдайлары Ресейде барған сайын артып келе жатқан тенденцияға айналып бара жатқанын атап өтті.