Кахов су электр станциясы бұзылғаннан кейін, Франция президенті Эмманюэль Макрон Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесу барысында Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге уәде берді. BFMTV Елисей сарайының хабарламасын келіріп, Франция Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің Дағдарыс қолдау орталығы дереу алғашқы көмек конвойын жіберетінін хабарлады, оның ішінде 10 тоннаға жуық тауар бар.
Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескеннен кейін президент Макрон твиттердегі парақшасында «адамдардың өміріне қауіп төндірген аяусыз шабуылды» айыптап, Украинаға алдағы бірнеше сағаттың ішінде көмек жіберетінін растады.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Ресей қарулы күштерінің Кахов СЭС бөгетін бұзуына байланысты Украинаға қажетті көмек көрсететінін мәлімдеген болатын.
Еуропалық одақ сондай-ақ Украинаға көмек көрсету үшін Азаматтық қорғау механизмін жандандырды. Германия, Австрия, Литва, Латвия, Польша және Чехия алғашқы жарналарын берді.
«Оңтүстік» жедел қолбасшылығы 6 маусым күні таңертеңгісін хабарлағандай, Кахов су электр станциясы ресейлік басқыншылық күштердің шабуыл нысанына айналды. Жарылыс туралы ақпаратты облыстық әскери әкімшілік де растады. Осыған байланысты Херсон ОӘӘ басшысы Александр Прокудиннің басшылығымен қауіпті аудандардан жергілікті халықты эвакуациялау басталды.