Ауғанстан астанасының солтүстік-батысында, Хайырхан орамында жол бойына қойылған жарылғыш зат жарылды.
Бұл туралы Aamaj News агенттігі хабарлады.
Агентіктің мәліметінше, қаскөйлердің мақсаты Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған) мүшелері отырған екі көлік құралын жарып жіберу болған. Алайда тәліптер зардап шеккен жоқ.
«Талибан» жасақтаған қауіпсіздік қызметі жарылыс фактісін растады.
Биыл көктемде АҚШ қарулы күштерін Ауғанстаннан шығаратынын жариялағаннан кейін «Талибан» қозғалысы елді бақылауына алу бойынша ауқымды операция бастады. 15 тамызда радикалдар Кабулды соғыссыз басып алды, ал президент Ашраф Ғани республикада қашып кетті. 6 қыркүйекте тәліптер Ауғанстанды аумағына толық бақылау орнатқанын мәлімдеді, ал 7 қыркүйекте ешқандай ел мойындамаған уақытша үкімет құрамын жариялады
Соңғы айлардың ішінде елордада, сондай ақ Ауғанстанның бірқатар провинцияларында бірнеше жарылыстар, қарулы шабуылдар мен атыстар орын алып, салдарынан тәліптер мен жергілікті тұрғындар көз жмды. Кейбір жарылыстар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ИМ, РФ-да тыйым салынған) тармағы болып табылатын «Хорасандағы Ислам мемлекеті» тобы өз мойнына алды.