Кабулда жарылыс болды: құрбан болғандар бар

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Кабулда жарылыс болды, құрбан болғандар бар.

Жарылыс сәрсенбі күні таңертең Кабулддағы аудандардың бірінде болды. Бұл туралы Hasht-e Subh газеті хабарлады.

Басылымның мәліметінше, қаланың бесінші округінде Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған) ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту министрлігінің қызметкерлері отырған көлік жарылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тәліптер аталған ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Катардың Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, олардың саны белгісіз.

Соңғы айларда елорданы қоса алғанда, Ауғанстан провинцияларында бірқатар жарылыстар, қарулы шабуылдар мен атыстар болды, оның құрбандары «Талибан» қозғалысының жақтаушылар мен бейбіт тұрғындар. Көптеген диверсиялар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ҚР-да тыйым салынған) тармағы болып табылатын «Хорасандағы Ислам мемлекеті» тобы өз мойнына алды.

Добавить комментарий