Кабулдағы жарылыс кезінде 13 америкалық әскери қызметші қаза тапты

Кабулда болған жарылыстан 13 америкалық әскери қызметші қаза тапты. Қаза тапқандардың жалпы саны — 90 адам.

Бұл туралы АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығының (СЕНТКОМ) өкілі Уильям Урбан хабарлады.

«АҚШ-тың он үшінші әскери қызметшісі Эбби қақпасында болған жарылыстан жарақат алып қайтыс болғанын растаймын», — деді ол.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандардың жалпы саны 18 адам, олардың барлығы арнайы жабдықталған С-17 ұшақтарымен Ауғанстаннан әуе арқылы эвакуацияланады», — деп толықтырды Урбан.

Бейсенбі күні Кабул әуежайының жанында жанкешті террористер ұйымдастыруымен екі жарылыс болды. БАҚ хабарлауынша, кем дегенде 90 адам қаза тапты. Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысы (РФ-да тыйым салынған) терактіні қатаң айыптап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға уәде берді.

15 тамызда Кабулды соғыссыз басып алып, бірнеше сағаттың ішінде толық бақылау орнатқаннан кейін елордалық әуе айлағында шиеленісті жағдай қалыптасты. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани қантөгіске жол бермеу үшін елден кететінін хабарлады. Артынша бірнеше мемлекет өз азаматтары мен елшіліктегі қызметкерлерін эвакуациялауға кірісіп кетті.

Добавить комментарий