Ауғанстанның Aamaj News ақпараттық агенттігі әлеуметтік желілердегі парақшасында Кабулдағы электр станциясы маңында үш зымыран құлағанын хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, реактивті снарядтардың құлауы салдарынан өрт шықты. Қазіргі уақытта келтірілген зақымдар мен шабуылдың ықтимал құрбандары туралы ақпарат анықталып жатыр.
Бұған дейін Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары (Ресейде тыйым салынған террористік ұйым) құрған уақытша үкіметтің бірінші отырысы өткені белгілі. Ведомстволарға Ауғанстан өңірлеріндегі, атап айтқанда, Кабулдағы қауіпсіздікті бақылауды күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, тәліптер республикада тұрақты армия мен азаматтарға арналған әскери оқытудың арнайы жүйесін құруға ниетті екені хабарланған болатын. Қозғалыстың өкілі Кари Фасихуддин содырлар Ауғанстан аумағында азаматтық соғыстың басталуына жол бермейтінін және бүлікшілермен қатаң күресетінін мәлімдеді.