Күзгі кезеңде иммунитетті қалай нығайту керек

Жыл сайын күзгі кезеңде жіті респираторлық вирустық инфекциялар ауруларының саны артады, олардың қатарына COVID-19 да жатады.

Медициналық көмек көрсету алгоритмдері пысықталды, персонал COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу жөніндегі хаттамалармен танысты, карантиндік шаралар енгізілді, тұрғындарға тұмау бойынша вакцинация, сондай-ақ пневмококк вакцинациясы жүргізілді, деп хабарлады елорда әкімдігіне № 8 қалалық емхананың директоры Айгүл Қасымова.

Вирустық инфекцияларды жұқтырудың алдын алу үшін халық карантин ережелерін бұзбай, жеке гигиенаны сақтауы, қолдарын жиі жууы, антисептикті пайдалануы, бетперде тағып мен қолғап киюі қажет. Сондай-ақ тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациядан өту ұсынылады. Бұл туралы № 8 қалалық емхананың директоры Айгүл Қасымова хабарлады.

«Иммунитетті нығайту үшін жылы киіну керек. Қарт адамдар мен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпе аурулары барлар емханаларда медициналық тексеруден өту керек, дәрі – дәрмектерді, антиагреганттар-тромбоздың алдын-алуға арналған дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдау қажет. Бұл аспирин, клопидогрел болуы мүмкін. Бұл ретте дәрі-дәрмектерді емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң қабылдау қажет», — деп атап өтті Айгүл Қасымова.

Иммунологтар COVID-19 вирусын зерттеу нәтижесінде, он ай ішінде антиденелер қанда 3 айдан 6 айға дейін және одан да көп сақталатыны анықтады. КВИ вирусының бірдей штаммынан аурудың қайталанған жағдайлары тіркелмеген. Алайда, коронавирус инфекциясынан кейін тіркелген жері бойынша дәрігердің бақылауы қажет. Емделушілер оңалту курстарынан өтіп, дененің жағдайын бақылау керек.

Добавить комментарий