ҰҚК трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кескенін хабарлады

Қазақстанда пайдалы қазбаларды заңсыз өңдеген қылмыстық топтың жолы кесілді.

Қылмыскерлер үш жыл бойы 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп, өткізіп отырған. келтірілген шығын 1,2 млрд теңгеден асады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

Хабарланғандай, олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған.

Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілген.

Іс сотқа жолданды.

Добавить комментарий