Кәсіпкерлер денсаулық сақтау саласына инвестиция құя бастады

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар көлемі айтарлықтай ұлғайды. Биылғы жылдың 8 айында осы саладағы инвестициялық портфель өткен жылдың 0,9%-ына қарағанда 1,5%-ға дейін өсті.

Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бір жылда 4,3%-ға (НКИ — 93,9%) төмендеп, 7 трлн теңгені құрады.

Осыған қарамастан, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласына күрделі қаржы салымдары соңғы жылдары 55,8%-ға артты (НКИ — 154%), ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында салаға 103,6 млрд тг инвестицияланды. Барлық инвестициялық портфельдің сектор үлесі 1,5% -ды құрады (бір жыл бұрын — 0,9%).

Денсаулық сақтау саласына инвестициялар көлемінің ұлғаюына жергілікті бюджет салымдары айтарлықтай әсер етті. Осылайша, сегіз айда сома 43,7 млрд теңгені құрап, 2,5 еседен астам немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,7 млрд теңгеге артты.

Бұдан басқа, қарыз қаражаты есебінен инвестициялар айтарлықтай ұлғайды, олардың сомасы бір жылда 16 есеге, 16,5 млрд теңгеге дейін өсті (бір жыл бұрын — 1,1 млрд тг). Бизнестің меншікті қаражаты есебінен инвестициялар 28,9 млрд теңгені құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6% -ға артық.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген инвестициялар 44,9%-ға төмендеп, 13,9 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрын — 25,3 млрд тг). Банктердің кредиттері, өз кезегінде, 64,7%- ға 562,3 млн теңгеге дейін азайды.

Өңірлер бөлінісінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына салынған қаржы көлемі Алматыда байқалады, 19,1 млрд тг — өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен астам (9 млрд тг).

Сектордағы инвестициялардың ең көп сомасы бойынша көш бастап тұрған өңірлердің үштігіне Қарағанды және Алматы облыстары да кірді: тиісінше 11,6 млрд және 10,6 млрд тг.

ТОП-5-ке Нұр-Сұлтан (10,5 млрд тг) және Шығыс Қазақстан облысы (9,7 млрд тг) кіреді.

Добавить комментарий