Кәсіпкер Air Astana-дағы жемқорлық схемалары туралы айтты

Қазақстандық кәсіпкер белгілі отандық әуе компаниясының қызметкерлері балаларында ПТР-тесті болмағанына байланысты «мәселені шешіп береміз деп» ақшалай сыйақы сұрағанын айтты.

«Air Astana-дағы сыбайлас жемқорлық туралы. Біз Ташкенттегі Air Astana тіркеу пунктіне келгенбіз. Бізде балаларға арналған ПТР болмады. Сол үшін бізді рейске жібермеді. Бірақ қабылдау бөліміндегі жас жігіт бұл мәселені USD-дегі белгілі бір сомаға шешуді ұсынды. Компания өкілінің көзінше болды. Бұл таза жемқорлық», — деп жазды Бақыт Ниязов жексенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол бұл мәселені заңды жолмен шешуді жөн санайтынын атап өтті.

«Біздің екі сағат уақытымыз болды. Әуежайдың жанында ПТР жасайтын тамаша емхана бар. Экспресс тест жасатуды сұрадық. Олар тез жасатуды сұрағанымынз үшін қосымша аұы сұрамады. Бұл мен үшін барып тұрған масқара. Біз қабылдау бөліміне қайтып келгенде, ПТР-і болмаған бірнеше жолаушы мәселесін шешу үшін тіркеу үстеліндегі жігіттерді күтіп отырды. Олар біздің азаматтарымыз. Осылайша жемқорлықтың қайнар көзі өзімізден басталады. Біз сыбайлас жемқорлықты басқа елде де еңсере алмаймыз. Біздің менеджерлер, әрине, кінәсін мойындамайтын болады. Бұл біздің жүйеміз. Біздің салт-дәстүріміз. Біздің қызметкерлеріміз. Біздің ойын ережеміз», — деп қосты Ниязов.

Добавить комментарий