Кәсіпқой бокс кеші көрермендерсіз өтті

Атырауда Абайдың 175 жылдығына орай кәсіпқой бокс кеші өтті. Шараға отандық және шетелдік спортшылар қатысты.

5 жекпе-жектен тұратын кәсіпқой бокс кеші санитарлық нормаларға сәйкес көрермендерсіз өтті және тікелей эфирде көрсетілді.

Қазақстаннандық 22 жастағы Бекзат Нұрдәулетовтің қарсыласы Танзаниялық 28 жастағы Ибрахим Маокаламен жұдырықтасты. Алты раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта нокаутпен аяқталды.

Осылайша қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады. Ал Данила Семенов танзаниялық қарсыласы Мусса Аджибуды төртінші раундта техникалық нокаутқа жіберді. Бұл ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын.

Үшінші жекпе-жек қазақстандық Евгений Павлов пен Танзаниядан келген тәжірибелі Гудлак Мрема арасында болды. Екінші жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Евгений Павлов қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Абылайхан Жүсіпов Танзаниядан келген Мешак Мванкемвамен өткізді. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылды, төрешілер жекпе-жек Жүсіповтің жеңісімен аяқталды деп шешті. Басты жекпе-жек қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет пен танзаниялық Абдала Пази арасында өтті.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылып, Нұрмағанбеттің жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, қазақстандық үш спортшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерін өткізді. Олар Данила Семенов, Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов.

Добавить комментарий