Көшеде әйелдің мойнынан алтын алқаны жұлып алды

Таразда көшелердің бірінде әйелдің алтын әшекей бұйымын жұлып алды.

Қаладағы ықшамаудандарының бірінде күдіктілер Тараз қаласының тұрғынының мойнынан алтын әшекейді жұлып алды. Құны 200 мың теңге болатын алтынды жұлып алғандар белгісіз бағытқа қашып кетті.

Полиция күдіктілерді ұстады — олар Жамбыл облысының 21 және 23 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Олар бұрын алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардан айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Добавить комментарий