Мемлекеттік опасыздық жасады және қызметтік бабын асыра пайдаланды деп айыпталған ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысына қатысты сот биыл күзде басталады.
Сот процесінің ашық не жабық болатыны әзірге белгісіз.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша сот күзде басталуы тиіс, деп хабарлады ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов.
«Күзге қарай айқындалады. Сот болады «, — деп мәлімдеді Асқар Әмірханов мәжіліс барысында журналистерге.
Сот процесінің ашық немесе жоқ болуын сот шешеді, деп қосты ҰҚК төрағасының орынбасары. Ол іс бойынша материалдары құпия екенін атап өтті.
8 қаңтарда ҰҚК ведомствоның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті ұстағанын хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іске «өте құпия» белгісі берілді. Комитеттің бұрынғы басшысы өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
Кейінірек ҰҚК одан тәркіленген дүние-мүлікті көрсетті. Ведомство сондай-ақ Кәрім Мәсімов жабық келісімшарт жасасқаны үшін шет мемлекет өкілдерінен 2 млн доллар пара алғанын мәлімдеді.