Алматы облысы бойынша ҰҚКД бұрынғы қызметкері Сани Әбдіқаш қамаудағы трансәйел Виктория Беркходжаеваға қатысты зорлық-зомбылық және азаптау әрекеттерін жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды.
Басты сот талқылауы Іле аудандық сотында жабық тәртіпте өтті.
Үкімді Алматы облысы Іле аудандық сотының судьясы Еркен Сейітов оқыды. Сани Әбдіқашты кінәлі деп танылды. Ол 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтеуге сотталды. Сондай-ақ, ол ұлттық қауіпсіздік майоры шенінен айырылып,мемлекеттік қызметте істеуіне үш жылға тыйым салынды.
Сотталған адамнан сот жәбірленушілерге көмек көрсету қорына 20 АЕК және сот шығындарына 877 786 теңге сомасында өндіріп алды.
«Сотталушы кінәсін мойындамады, ақталуын сұрады. Алайда сот барлық дәлелдемелерді зерттеп, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісін анықтады, сондай-ақ оларды азаптау деп таныды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Сот шартты жаза немесе неғұрлым жеңіл жаза тағайындау үшін негіз таппады. Заң бойынша жаза қылмыс жасалған кезде қолданыста болған қылмыстық заңнама бойынша тағайындалады. Ол 2019 жылы осы қылмыстар үшін жазаны қатаңдатылғанға дейін жасалған», — деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Виктория Беркходжаеваны сот залына үкім жарияланғаннан кейін жеткізді. Ол тағайындалған жазамен келіспейтінін, өйткені оны тым жұмсақ деп санайтынын мәлімдеді.
2019 жылдың 25 шілдесінде Виктория Беркходжаева ҰҚК қызметкері оған қатысты сол кезде алаяқтық үшін жазасын өтеп жүрген Алматы облысы Жауғашты кентіндегі әйелдер колониясында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын мәлімдеді.
2019 жылғы 9 қазанда сот Сани Әбдіқашты сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезеңінде қамауға алды.
2018 жылғы 17 маусымда Викторияда ЛА 155/4 мекемесінің медициналық бөлімінде трансфобия себебінен жанжал болды. Оны мекеме қызметкеріне қатысты күш қолданды деп айыптады, бірақ сотта айыптау қорытындысын жасау кезінде қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын көптеген бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Соның ішінде Виктория Беркходжаеваның өз мүдделерін қорғауға деген конституциялық құқығы бұзылды.
Судья түзеу мекемесі қызметкерлерінің атына қаулы шығарып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұзғандықтан істі прокурорға жолдады.
Бұған дейін Виктория колония қызметкерлері тарапынан қорлау мен зорлық-зомбылығына шағымданған болатын.