Кәмелетке толмаған қызды интимдік бейнебаян арқылы бопсалаған

Түркістан облысында кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың интимдік бейнебаянын тауып алған бопсалаушы, оны ютуб-арнасына салам деп қорқытып, бопсалаған.

Аталған факті бойынша Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын бопсалау туралы арызбен жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз қыз ағымдағы жылдың маусым айынан бастап оның кәмелетке толмаған қызына бопсалап, әлеуметтік желілерде жыныстық сипаттағы бейнебаян жарияламақшы болған.

Бүгінгі күнге дейін қаскүнем жәбірленушілерден осылайша миллион теңге алды.

Күдіктінің жеке басын анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Нәтижесінде полицейлер күдікті жәбірленушіден 120 мың теңге бопсалау кезінде ұстады.

Ұсталған жас қыз, Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Заттай дәлел ретінде ақша мен бейнематериалдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта жазды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

 

Добавить комментарий