Нұр-Сұлтанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті тауып, оның иесіне қайтарып берді.
«Audi S4» автокөлігінің иесі полицияға ұрлық туралы арызымен жүгінген. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер оның көлігін Сейфуллин көшесі бойындағы үйінің ауласынан айдап әкеткен.
Белгілі болғандай, үйдің маңайынан өтіп бара күдіктілер көлікті есігің жабылмағанын байқап, ішіне кірген. Олар қалташадан қосалқы кілті тауып көлікті айдап кеткен. Сөйтіп, елордадан тысқары жерге кетіп, көлікті Ақмола облысы Қабанбай батыр кентінің маңында орналасқан орманға тығып кеткен. Содан кейін аккумуляторды шешіа алып, оны сатып жіберген, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Полицейлер күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.