Көлік комитетінің қызметкерлері қылмыстық топқа жетекшілік еткен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, көлік комитетінің қызметкерлері жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топ 260 мыңнан астам жалған диагностикалық карта жасаған.

Барлық Қазақстан аумағы бойынша жалған тұлғаларға 28 фирма ресімделген, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Олар тек қағаз жүзінде ғана болған. Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған.

«Қылмыстық топты Көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Мұндай «қызмет» бір автокөлік үшін 5 минуттық уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен.

Жалған фирмаларға жүгінген көлік иелеріне де құқықтық баға беріледі.

«Антикор қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ «формальді техникалық тексерулер» жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараларды қабылдайтын болады, — деп толықтырды ведомстводағылар.

Добавить комментарий