Күләш Байсейітованың қызы қайтыс болды

«Бүгін Алаштың бұлбұлы, қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсеитов пен Күләш Бейсеитованың қызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды. Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады», — делінген Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының хабарламасында.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңізді, мейірімділігіңізбен шынайылығыңызды, айналаңыздағы адамдардың тағдырына және музыкалық өнердің тарихи мұрасына бей-жай қарамауы біздің жүрегімізде мәңгі жадымызда сақталады.

Добавить комментарий