ҰҚК Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37272-1661452062-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабында көзделген қылмыстарды жасады деген айып тағылды.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі комитеттің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады.

Іс бойынша күдіктілер Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Өсіпов және лауазымды тұлғалар Д.М. Акипов, Н.Қ. Бекмұрат.

Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану)

Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.

Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр.

Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа ү.ж. 6 қазанға дейін, Ерғожинге ү.ж. 13 қазанға және Өсіповке ү.ж. 22 қазанға дейін ұзартылды.

8 қаңтарда ҰҚК ведомствоның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іске «өте құпия» белгісі берілді. Кейінірек ҰҚК Мәсімовтен тәркіленген дүние-мүлкі көрсетті.

Добавить комментарий