ҰҚК экс-басшысының екі орынбасары ұсталды

ҚР ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу шеңберінде оның екі орынбасары ұсталды.

Билікті күштеп басып алуға бағытталған және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға іс-әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҰҚК-нің сайты.

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды.

Тергеу амалдары жалғасуда, деп хабарлады ҰҚК.

 

Добавить комментарий