Қарағанды облысында ауыл тұрғыны көршісінің үйінен үш миллион теңге ұрлады.
Былтыр 22 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 29 жастағы тұрғыны жүгінгенін хабарлады. Ол екі күн Қарағандыда болғанын айтты. Белгісіз біреу оның үйде болмағанын пайдаланып ақша қаражатын ұрлап кеткен. Келтірілген залал сомасы 2 млн 800 мың теңге. 10 ақпанда жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері жәбірленушімен бір көшеде тұратын 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол ұрланған қаражатты зергерлік бұйымдарды сатып алуға пайдаланғанын айтып, кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді. Полиция ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.