Юрий Ильин: «Мүлікті міндетті сақтандыру жүйесін енгізу қажет»

Қазақстанның ТЖМ министрі Юрий Ильин берген сұхбатында елдегі мүлікті міндетті сақтандыру жүйесін енгізу қажет деп санайтынын хабарлады.

Бүгінде Қазақстанда ерікті сақтандыру қағидаты жұмыс істейді, ал алдағы уақытта мемлекет міндетті сақтандыруды енгізу нұсқаларын қарастыратын болады. Ильиннің айтуынша, азаматтың кінәсінен өрт болса, оның мүлкін қалпына келтіруге бюджет қаражатының жұмсалуы дұрыс емес.

«Мүлікті міндетті сақтандыру жүйесін енгізу қажет. Бұл азаматтарды ынталандырады. Егер оның ғимараты немесе үйі өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келмесе, онда оның сақтандыру төлемдерінің сомасы жоғары болуы тиіс. Егер қауіпсіздік нормаларына сай болса, онда ол ең төменгі сақтандыру сомасын төлейтін болады», — деді ТЖМ басшысы.

Ол атап өткендей, ведомство жергілікті атқарушы органдармен аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тұратын үйлердің, саламатты әлеуметтік өмір салтын жүргізбейтін — ішімдікке салынған азаматтардың тізімін анықтады. Оларды есепке аламыз. Мұндай үйлер Қазақстан бойынша шамамен 119 мың.

Сонымен қатар, Ильин берген сұхбатында министрліктің құрылымы шамамен 30 мыңға жуық адамды болжайтынын хабарлады. Негізінен олар бұған дейін жұмыс істеген адамдар.

«Олар біздің жүйеге көшеді. Егер қаржы туралы айтатын болсақ, онда біз алдыңғы бағдарламалардың барлық қаржыландыруын аламыз. Біздің алдымызда үкіметпен бірлесіп біздің бөлімшенің жабдықталуын, материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру міндеті тұр. Яғни, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын арнайы автомобильдерді және жеке құрамға арналған киім-кешектерді сатып алу», — деді ол.

Добавить комментарий