Үйге баса-көктеп кіріп, қоқан-лоқы көрсетіп зорлаған

Алматы облысында ішімдікке сылқия тойып алып, жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп қылмыстық әрекет жасағаны үшін екі зорлаушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Сот 2020 жылдың 5 қазанында қылмыскерлер мас күйінде жәбірленушінің үйіне кіріп, әйелді зорлағаны анықталды. Сотталушылардың бірі де нәпсіқұмарлық сипатта күш қолданды

Сотталушылар кінәсін мойындамай, барлығы ерікті түрде болды деп отыр. Мемлекеттік айыптаушы соттан екі ер адамды кінәлі деп танып, бірін 10 жылға екіншісін 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші прокурордың ұстанымымен толық келіседі.

Сот үкімімен айыпталушы Ч. 9 жыл 6 айға, айыпталушы А. — 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Жәбірленуші сол түні біреу оны қылқындырған кезде оянып кеткенін айтты.

«Екі ер адам әйелді қараңғыда зорлап, қинаған, кейін ас үйге апарып арақ ішкізіп өмірінің соңғы 10 минуты қалғанын айтқан. Ол үстелдің үстінен пышақ тауып алып, оларға жеңіл жарақат салған, бұл оларды қылмыстық ниетін басып, назарын басқа жаққа аудартты. Олар жарақат алып, қан-жоса болған жерін жууға кетіп, оны жатын бөлмеге алып барып, өлтіретінін айтып қорқытқан. Осы сәтті пайдаланып әйел терезеден сытылып шығып, қораның ішіне тығылып қалған. Қылмыскерлер оны таба алмай, оқиға орнынан қашып кетті. Жәбірленуші жалаңаш күйде жақын туысының үйіне дейін жүгіріп барып, полиция шақырған», — деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Добавить комментарий