Эвакуаторға тиелген көлікке жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салынды

Эвакуатордағы автокөлікке жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салынды. Бұл не деген масқара? Бағдарламалық қателік, оқыс оқиға ма немесе әдейі жасалды ма? Тәртіп сақшыларының бұл жағдайға қатысты құқықтық баға беріле ме, жоқ па хабарланбады.

Қостанай қаласының тұрғыны эвакуаторға тиелген көлігіне жылдамдықты арттырғаны үшін 2 рет айыппұл салынды.

«Қостанай қаласының тұрғынына жылдамдықты арттырғаны үшін 2 рет айыппұл салынды, оның көлігін эавкуатор Ақмола облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолында тасымалдаған. Түбіртекте 12 ақпанда бірінші айыппұлда сағатына 13 шақырымға, екіншісінде жылдамдықты 12 шақырымға арттырғаны көрсетілген.

Қостанай облысының ПД-да аталған факті Ақмола облысының аумағында «Автоураган» жол қозғалысын бейнебақылау жүйесімен тіркелгенін атап өтті.

Белгілі болғандай, автоматты тәртіппен айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым жасап, оның автокөлік иесіне жіберілген.

«Алайда, әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің деректерін тексеру кезінде бұл айыппұл әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты жойылды. Аталған жағдайда айыппұл төленбеді», — деп түсіндірді Ақмола облысының ПД.

Сондай-ақ, әкімшілік практика инспекторлары бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысының дұрыстығына, әкімшілік жазалардың заңсыз қолданылуын анықтау тұрғысынан тұрақты негізде тексеру жүргізілетінін хабарлады.

Осындай және басқа да фактілер анықталған кезде әкімшілік іс жүргізу құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылады.

Добавить комментарий