Батыс Қазақстан облысындағы ауданды су басып, 16 адам, оның ішінде 6 бала мен 2 жүкті әйел Қаратөбе ауданының Қоржын ауылынан ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен эвакуацияланды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті маңызы бар автомобиль жолы арқылы еріген қар суының тасуы тіркелді, құтқарушылар мен жүзу құралдарын елді мекенге тікұшақпен жеткізу туралы шешім қабылданды. Барлығы аман-есен өтіп, адамдар аудан орталығына жеткізілді.
Қазіргі уақытта Қоржын кенті көлік қатынасынсыз қалды, тұрғын үйлерді су басқан жоқ, азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер бар. Жасыбай өзеніндегі су өз арнасы бойымен өтуде.