Эстон билігі ресейлік танымал «Руки вверх» тобына ел аумағында бес жыл бойы өнер көрсетуге тыйым салды.
СІМ ресейліктердің Эстонияға сапарларына жол берілмейтінін айтты.
Бұл туралы Postimees газеті сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап хабарлайды.
Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу Украинадағы әскери қақтығыс жағдайында ресейлік азаматтардың Эстонияға ойын-сауық және туристік сапарларына жол берілмейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол РФ-ның кейбір әртістері РФ басып алған Украиның жерлерінде өнер көрсететіп жатқанын айтты.
«Кеше ІІМ-нің «Руки вверх» тобы мүшелерінің Эстонияға кіруіне рұқсат бермеу туралы дұрыс шешім қабылдады», — деп мәлімдеді министр.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттік Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдағандарды халықаралық санкциялық тізімге енгізу үшін 800 үміткердің тізімін дайындаған болатын.
Ресейлік тележүргізуші және шоумен Максим Галкинді Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәдениет қайраткерлері тізімінен алынып тасталды.