Эстонияда ресейлік дипломат елден шығарылды

Эстония СІМ ресейлік дипломатты ел аумағынан шығарып жібергенін мәлім етті. Бұл шешім Санкт-Петербургтегі Эстония елшісінің шығарылуына байланысты қарымта шара деп жарияланды.

Эстония СІМ РФ-ның Таллин қаласындағы елшілікте қызмет атқаратын дипломаттардың бірін нон грата тұлғасы деп жариялады. Бейсенбі күні республикадағы ресейлік елші Александр Петровқа тиісті нотаны тапсырды, деп хабарлады эстондық сыртқы саясат ведомствосы.

Министрлікте нақтылағандай, бұл шешім Эстонияның Санкт-Петербургтегі елшісі Март Лятенің шығарылуына байланысты қарымта жауап.

«Бұл эпизод Эстония мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарға зиян келтірмейді деп үміттенеміз», — делінген СІМ хабарламасында. — Эстония бұрынғысынша тату көршілік және сындарлы қарым-қатынастарға мүдделі».

Өткен аптада Эстония премьері Кая Каллас Санкт-Петербургтегі консулы Март Лятенің шығарылуына қарымта жауап беруге уәде берген болатын.

6 шілде күні Ресей ФҚҚ Қоғамдық байланыстар орталығы (ҚБО) хабарлағандай, ФҚҚ қызметкерлері Ляттені Ресей азаматынан құпия материалдарды алған кезде ұстаған. Арнайы қызмет өкілдері атап өткендей, «бұл дипломатиялық қызметкер мәртебесімен үйлеспейді және Ресей Федерациясына қатысты айқын алауыздық сипатқа ие». Шетелдік дипломатқа қатысты халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес шара қолданылатын болады, деп қосты ҚБО өкілдері. 7 шілде күні РФ Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захарова Лятте Ресей аумағынан 48 сағат ішінде кетуі керек деп мәлімдеді.

Эстония СІМ аталған елдегі елшісінің ұсталуын арандату әрекеті деп санайтынын мәлімдеді.

Добавить комментарий