Энергетика министрлігі дизель отынының тапшылығына байланысты пікір білдірді

Энергетика вице-министрі елімізде дизель отынының тапшылығы оның тұтынуы өндіріс көлемінің ұлғаюына қарағанда жылдам қарқынмен артқанына байланысты пайда болғанын айтты.

Бұл туралы Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте мәлім етті.

Сондай-ақ, ол тамыз-қыркүйек айларында еліміздің үш мұнай өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істегенін атап өтті.

«Біз өнімділік бойынша рекордтар қойдық. Тамыз айында 508 мың тонна дизель отыны өндірілді. Қыркүйекте де осындай көлемге барамыз. Бірақ тұтыну бойынша біз осыған ұқсас рекордтар қойдық. Тамыз айында ол 519 мың тоннаға жетті, қыркүйек айында біз 500-ден 518 мың тоннаға дейін тұтынуды күтеміз», — деді вице-министр.

 

Оның айтуынша, зауыттардың өнімділігін арттыру есебінен қорлардың жеткілікті деңгейін жинақтап, тұрақты қалдықтары бар Павлодар МӨЗ күрделі жөндеуге кіруге болады деп күтілуде. Бірақ олай болған жоқ. «Тұтыну көлемі артқандықтан, қазір қалдықтар 210 мың тонна деңгейінде тұр — бұл шамамен 11-12 күн тұтыну.

Павлодар зауытының тоқтауына түрткі болған себептердің бірі

«Павлодар зауытының тоқтауы республика бойынша дизель отынының теңгеріміне әсер етеді. Біз Ресейден шамамен 100 мың тонна дизель отынын импорттау қажет екенін көріп отырмыз. Ресейдің энергетика министрлігіндегі әріптестермен келіссөздер жүргізілді. Өткен аптада Мәскеуде кездесу өтті. Қазақстанға дизель отынын жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді, олар зауыттарға өз ұсыныстарын берді», — деп хабарлады Мағауов.

Вице-министр атап өткендей, қазір ірі жанар-жағармай станцияларының желілері бағаны литріне 207-208 теңге деңгейінде ұстап тұр, қалғаны 230-240 теңгеден сатуда.

«Біз жыл басынан бері ұзақ уақыт бойы бағаны литріне 200 теңге деңгейінде ұстадық. Нәтижесінде Ресеймен айырмашылық (біздің ұлттық валютаға аударғанда — ред.) литріне 100 теңгеге дейін, Өзбекстанмен — литріне 70-80 теңгеге, Қырғызстан Республикасымен — литріне 61 теңгеге дейін жетті.

Нәтижесінде бүкіл транзиттік ағын Қазақстанға кіріп-шығатын жолда көліктеріне жанар-жағармай құйып алатын болды. Осылайша біз республикада шекарамен шектес облыстарда дизель отынын тұтыну күрт өскенін байқап отырмыз», — деп түйіндеді ол.

Өндіруші дизель отынының тапшылығына пікір білдірді

«ҚазМұнайГаз» ҰК «АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеев үш МӨЗ-де дизель отыны өндірудің ағымдағы көлемі тәулігіне шамамен 16 мың тоннаны құрайтынын хабарлады. Бұл ретте елде дизель отынын тұтынудың өте жоғары деңгейі сақталады — бұл шамамен 16,5 мың тонна. «1 қазанда Павлодар МӨЗ ағымдағы жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Жөндеу мерзімін келесі жылға ауыстыру мүмкін емес. Зауытты ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Ал тәулігіне 6 мың тонна көлемінде тауарлық дизель 28 қазаннан бастап жөнелтіле бастайды», — деді ол.

Добавить комментарий