
Билік жанармай құнының күрт өсуіне қазақстандықтардың ашуын тудыруы мүмкін деп қорқады.
Қазақстанның Энергетика министрлігін жанармайдың шекті бағасын реттейтін бұйрық жобасын ұсынды.
Қазір бүкіл Қазақстан бойынша АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 182 теңгені құрайды. Енді осы маркалы жанамайдың шекті бағасы:
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 литр үшін 187 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 182 теңге;
Энергетика министрлігі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жанармай бағасының өсуіне логистикалық шығындардың деңгей жоғары болуы себеп болды деп түсіндірді.
«Қазақстанның қалған облыстарына қарағанда бөлшек сауда сатушыларының мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан қашықтығына байланысты логистикалық шығындардың деңгейі жоғары», — деп түсіндірді ведомство.
Дизель отынының шекті бағасы (жазғы, маусымаралық) өспейді:
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – 1 литр үшін 260 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 230 теңге.».
Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік бағаларын, Еуропа нарықтарына дейінгі көлік шығыстарын, акциздерді, операциялық және басқа да шығыстарды ескеретін формула бойынша айқындалатынын атап көрсетті.
Мұнай бағасына сүйене отырып, 130 доллар/баррель шекті бөлшек сауда бағасы ережеге сәйкес:
Аи маркалы бензин-92 – 236 теңге/литр,
дизель отыны – 420 теңге/литр.
«Аи-92 маркалы бензин бағасының 54 теңгеге күрт өсуі халық арасында теріс әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, 2025 жылға дейін шекті бөлшек сауда бағаларын кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады», — деп атап өтті министрлікте.