Энергетика министрлігі АЭС салу мәселесін қарастырып жатыр

Қазақстанның Энергетика министрлігінде ел аумағында атом электр станциясын салу мәселесін қарастырып жатыр.

Аталып өткендей, нысанның локациясы мен технологиясын зерттеп жатыр, сарапшылармен кеңестер жүргізілуде.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков мәлім етті.

«Мемлекет басшысы осы мәселені бір жыл ішінде пысықтауды тапсырды. Біздің жұмысымызға осындай жобаларды іске асыру кезінде қажетті критерийлерді ескере отырып, ел аумағындағы орындарды анықтау жатады. Сондай-ақ технология, қуат бойынша сарапшылармен, соның ішінде халықаралық сарапшылармен консультациялар өткізілуде. Сонымен қатар, тапшылық бола ма, болса қай жылы және қандай көлемде болатынын анықтау үшін электр тұтынудың, электр өндірісінің өзектендірілген теңгерімін қараймыз. Бұл жұмыстардың барлығы кешенді түрде жүргізіледі», — деді Мұрат Жүребеков.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі халықаралық деңгейде қаралады

Қараша айында бұл мәселе халықаралық сарапшылармен талқыланады. Ведомство бұл жұмысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте атом энергетикасын біржола есептен шығару ерте және қате деген мамандардың пікірімен келісті. «Бүкіл дамыған әлем атом энергиясына иек артады. Бұл ретте үрейге бой алдыру орынсыз. Дегенмен, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын табанды түрде жүргізу қажет. Атом станцияларының құрылысын бастауға асықпаймыз, алайда бұл істі кейінге ысыруға да болмайды», — деп атап өтті Президент.

Добавить комментарий