Әйелін өртеп жіберген ер адам 8 жылдан кейін бостандыққа шығады

Әйелінің үстіне спирт құйып, өртеп жіберген ер адамға қатысты үкім шықты. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі болып танылды.

«Павлодар облысы Павлодар аудандық соты ҚР ҚК-нің 106 бабы жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша Б. қатысты қылмыстық істі қарады», — деп хабарлады дүйсенбі күні Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 8 тамызда сағат 00:15-те Павлодар ауданының Розовка ауылында отбасылық жанжалкезінде Б. есімді азамат әйелінің үстіне спирт құйып, өртеп жіберген болатын. Әйелдің киімі мен шашы жанып кетті. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. 2021 жылы 17 тамызда ол күйіктен қайтыс болды.

Сотта прокурор Б. есімді азаматты кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргенін мойындады.

«Б. есімдіазаматтың кінәсі оқиға болған жерді қарап тексеру хаттамасымен, алынған заттарды тексеру хаттамасымен, заттай дәлелдемелер ретінде заттарды қосу туралы қаулымен, жәбірленуші Б. сот-медициналық сараптамасы сарапшысының қорытындысымен, күдікті Б-ның орнында айғақтарды тексеру және нақтылау хаттамасымен, тергеушінің жәбірленуші Б-мен реанимациялық бөлімшеде басқа дәлелдемдермен әңгімелесуінің бейнежазбесімен дәлелденді», — деп толықтырды облыстық соттағылар.

Алкогольдік мас күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай болып танылды.

«Б.орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды», — деп қорытындылады облыстық сотта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий