Алматы облысының тұрғыны әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін үйін өртеп жіберді.
15 ақпанда Талғар ауданындағы саяжай алаптарының бірінде үй өртенді.
Әйел мен екі жас бала жанып жатқан үйден шығып үлгерген, ал отағасын көршілер алып шыққан.
44 жастағы ер адам үйді өртеді деген күдікпен ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін бұл әрекетке барғанын айтты.
ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Мұндай істер бойынша міндетті сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады», — деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.