Әйел алаяқтың арбауына түсіп миллиондаған несие рәсімдеген

Әйел алаяққа алданып банктерден қомақты несие рәсімдеген. Ол еліміздегі бес банктен несие алды.

Келіншектің айтуынша, қаскөй банк терминдерін қолданып сөйлескен.

Петропавлда полицейлер әйелден 8,5 миллион теңгеге (шамамен 20 мың доллар) алдап соққан интернет-алаяқты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгісіз біреу қала тұрғынына қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері екенін айтқан

«Ол әйелге әлдебіреу оның атынан несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, қылмыскер банк терминдерін орынды қолданып сөйлескен. Ол қала тұрғынына 2 миллион теңге басқа несие алу керек екенін айтып, содан кейін «резервтік шотқа» аудару қажет деген. Кейін қайтадан қоңырау шалып, тағы біреулер әйелдің атынан басқа банктен несие алуға тырысып жатқанын айтты. Бұл схема бірнеше рет қайталанды», — делінген хабарламада.

Фото: Алаяқтың арбауына түскен әйел банктерден қомақты несие алды

Әйел қылмыскерлердің нұсқауын орындап, бес банктен 8,5 миллион теңгеден астам несие алған. Кейін алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров «банктен қоңырау шалу» — интернет-алаяқтықты кеңінен тараған әдісі екенін айтты.

«Қылмыскерлер адамдарға несие алуға көндіріп, қаражатты өздері айтқан шотқа аударуды сұрайды. Басқа нұсқада олар құпия деректерді сұрайды: банк картасының артқы жағында жазылған нөмір мен CVV-кодты, банктік қосымшаның құпия сөзді, sms-хабарламен жіберілетін бір жолғы кодты. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін есте сақтаңыздар: банк қызметкерлері қандай жағдай болмасын осылай деп қоңырау шалмайды. Олар клиенттерге қаржы операцияларын орындауға күштемейді. Күмәнді жағдайларда өз шоттарыңыз жайлы нақты ақпарат алу үшін банкке жеке жүгініңіз», — деп атап өтті Назаров.

Жыл басынан бері облыста интернет алаяқтықтың 499 жағдайы тіркелді.

Добавить комментарий