Экс-президент Порошенко Меркельді Украинаның сақтаушы періштесі деп санайды

Украинаның экс-президенті Петр Порошенко ГФР канцлері Ангела Меркельге Киевке көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Жоғарғы Рада депутаты Петр Порошенко оны «Украинаның сақтаушы періштесі» деп мәлімдеді.

Ол сәрсенбі неміс NTV телеарнасына берген сұхбатында осылай деп пікір білдірді.

«Германия мен Ангела Меркель Украинаның сақтаушы періштесы болды», — деп атап өтті Порошенко. «Ангеланың қолдауы мен Германияның жетекші рөлінің арқасында мен 2014 жылдың маусымында қол қойған ЕО-мен қауымдастық туралы келісім бар», — деді ол. Сонымен қатар Порошенко «Германияның жетекші рөлінің арқасында Украинада еркін сауда туралы жан-жақты келісім бар» деп нақтылады.

Ресей мен Украина шекарасында қалыптасқан жағдайға қатысты экс-президент Киевке көмек көрсету қажеттігін айтты. «Украинаны қолдау Германия мен Еуропаның қауіпсіздігіне салынған инвестиция болып табылады», — деді ол.

Украина мен Еуроодақ Қауымдастық туралы келісім жайлы келіссөздерді 2007 жылдан бері жүргізіліп келеді. 2014 жылы маусымда келісімнің экономикалық бөлігіне қол қойылды, ал 2014 жылы 16 қыркүйекте Жоғарғы Рада Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Сол жылы 1 қарашадан бастап Украина келісімнің негізгі ережелерін іске асыруға кірісті, ал 2016 жылдан бастап уақытша қолдану режимінде еркін сауда аймағына қатысты ережелер қолданыла бастады. Келісім 2017 жылы 1 қыркүйекте толық күшіне енді.

Меркель (өз тегі Каснер) 1954 жылы 17 шілдеде Гамбургте дүниеге келген, оның әкесі лютеран пасторы, ал анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 2000 жылы ол «Христиан-демократиялық одағы» (ХДС) партиясының төрағасы болды. 2002-2005 жылдары ХДС/ХСС фракциясын басқарды. 2005 жылы 22 қарашада Бундестаг Меркельді ГФР федералдық канцлері етіп сайлады. Меркель 16 жыл канцлер қызметін атқарған. Ол 2021 жылы 8 желтоқсанда ресми түрде өкілеттігін тоқтатты. Оның орнына Германия үкіметінің басшысы лауазымына социал-демократ Олаф Шольц келді. Бұрынғы канцлер отставкаға кеткеннен кейін ешқандай лауазымды қызметтерді атқармайтынын бірнеше мәрте айтқан.

Добавить комментарий