Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртауды» сотқа беретінін мәлімдеді.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы экологтардың тексеру жүргізуіне кедергі келтірген. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі компанияны сотқа беретінін мәлімдеді

«Мамандарды кәсіпорынға тексеруге жібермеді, біз кедергі келтіргені үшін сотқа жүгіндік», — деді экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов.

Оның айтуынша, министрлік компанияға миллиардтаған айыппұл салуды көздеп отыр.

«Қазір біз санап жатырмыз. Менің ойымша, бірнеше миллиард айыппұл салынады. Әңгіме айыппұлда емес. Шын мәнінде, біз оларды ауаға зиянды заттардың шығуын төмендетуге мәжбүрлейміз», — деді ол.

Комитет төрағасы атап өткендей, министрлік нақты шығарындылар көлемін азайту бағытында жұмыс істеп жатыр.

Оның айтуынша, «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы шығаратын зиянды қалдықтарды 250 тоннадан 140 мың тоннаға дейін төмендету көзделген.

Добавить комментарий